Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары кабинетінде әйел зорлағаны рас па?

Көркем Алдабергенова 12 мар. 2024 16:36 4072

Желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов әйелді зорлағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісі Ермек Нарымбай Facebook-парақшасында айтты. 

"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік бір қызды кабинетіне кездесуге шақырып, бірінші кездесуде-ақ қызды зорлаған. Кейін ол қызды полицияға арызданбауға көндіре бастады, оған жақсы көретінін айтып, оған сыйлықтар мен ақша беріп және мемлекеттік пәтер алуға көмектесуге уәде берген. 

Бүгін бұл бейбақ облысқа жаңа әкім болуға дайындалып жатыр, ПА үндемейді, Айгүл есімді қыз түрмеге жабылғалы жатыр. ПД бастығының орынбасары жәбірленушінің телефонын тартып алып, Серікпен WhatsApp-тағы хат алмасқан хабарламаларын өшіріп тастаған", - делінген жазбада. 

Ермек Нарымбайдың айтуынша, Айгүл қазір жұмыссыз қалған, ол 2 баланың анасы. Ол мүгедектің анасы ретінде жеңілдетілген кезекте тұрған, алайда баласы қайтыс болғаннан кейін ол кезектен алып тасталған. Кейін Айгүл Серік Батырғожиновке уәде етілген пәтер туралы айтқан. Нәтижесінде әкім орынбасары әйелдің үстінен бопсалау дерегі бойынша арыз жазған. Айгүл соттың ашық болуын талап етеді, ал әкім орынбасарының қалауы басқа. 

Павлодар облысы әкімдігі бұл іске қатысты пікір білдірді. 

"Әкімнің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты биыл 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында. Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті Серік Батырғожиновтың арызы бойынша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Зардап шеккен тарап - Серік Батырғожинов.

Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен деректер тексерілді, деректер расталған жоқ.

Бүгінде іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты процеске қатысушылардан алуға болады, өйткені бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды", - делінген жауапта. 


Рекомендовать
Последние новости