Жетісу облысында білім бөлімі оқушыларға берілмеген тамаққа 20 млн теңге төлеген

Азамат Қойшығара 11 мар. 2024 15:49 3092

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белгілі болғандай, мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын қаржы негізсізаударылған.

"Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда, білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген", - деп жазды бақылаушы органнан.

Ұқсас бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Осы бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.


Рекомендовать
Последние новости