Тағы бір танымал спортшы лауазымды қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 05 мар. 2024 15:07 6070

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктің жеңімпазы, сонымен қатар еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Соңғы кездері спортшылар саясаттан жиі төбе көрсетіп, лауазымды қызметтерге тағайындала бастады. Мәселен, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит келсе, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости