Миллиардтарынан айырылған Боранбаев кәсібін қайтаруға дәмелі

Көркем Алдабергенова 05 мар. 2024 13:55 4989

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев McDonald's фастфуд желісін Қазақстанға қайтарғысы келеді. Бұл туралы Боранбаев Астанадағы Паралимпиадалық дайындық орталықта журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Егер McDonald’s Қазақстанға оралғысы келсе оны ойластырамыз. Бұл бренд Қазақстанда танымал. Сегіз жылдың ішінде көп нәрсені үйрендік, арнайы стандарттарды сақтадық. Әрине, McDonald’s Қазақстанға оралғанын қалар едік, ол үшін аздаған уақыт қажет", - дейді Боранбаев.   

Оның сөзінше, фастфуд желісінің қазақстандық франшизасы логистика бойынша мәселелер туындағандықтан жабылып қалған. Себебі мейрамханаға қажет барлық өнім Ресейден тасымалданатын көрінеді. 

Айта кетейік,2022 жылы шілдеде Қазақстанда McDonald's мейрамханалары жабылған болатын. Қазақстанда 23 McDonald's мейрамханасы жұмыс істеп ұрған. Олар 6 қалада орналасқан. Фастфуд желісінің Қазақстандағы және Беларусьтегі франшизасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған. 

Сонымен қатар, былтыр Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиардтың мүлкін қайтарғаны белгілі болды. 


Рекомендовать
Последние новости