"Westoil Software" компаниясы наразылық танытқан мұнайшыларға қатысты мәлімдеме жасады

Жарбол Кентұлы 29 февр. 2024 17:50 1888

Бүгін "Westoil Software" компаниясы өздерінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасап, наразылық акциясын тоқтатпаған 50 адам қызметтен босатылғанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бұрын хабарлағанымыздай наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген

50 адам қызметтен босатылды.

Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады.

Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз.

Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, – деді "Westoil Software" компаниясы өз мәлімдемесінде.


Рекомендовать
Последние новости