Парижде сенсация жасаған өзбекстандық спортшылар қомақты ақшаның астында қалды

Көркем Алдабергенова 13 авг. 2024 10:55 2633

Ташкентте Парижде сенсация жасаған өзбекстандық спортшыларды қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Артынша елдің Ұлттық Олимпиада комитетінде 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткен. 

Qaz365.kz мәліметінше, чемпиондардың әрқайсына Tahoe автокөлігі, екіқабатты коттедж бен 200 мың доллар көлемінде ақшалай сый берілген. 

Фото: kun.uz

Ал күміс жүлдегерлерге BYD Song Plus Champion автокөлігі, пәтер кілті мен 100 мың доллар берілген. 

Үш қола медалиске BYD Song Plus Champion автокөлігі, пәтер кілті мен 50 мың доллар берілген. 

Айта кетейік, Өзбекстан Парижде өткен Олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша 13-орында. 

Көршілес ел 8 алтын, екі күміс және үш қола медаль алды. Бұл Өзбекстан тарихындағы үздік нәтиже. 


Рекомендовать
Последние новости