Өзгеріс кәсіподақ ұйымдарын да айналып өтпеуі тиіс!

Dalanews 11 нояб. 2022 01:45 1200

Бізде қазір көп нәрсе бар. Бұл үшін ел басшылығы мақсатты қадамдар жасап қойғанын қоғам көріп отырмыз. Біз демократиялық реформалар дәуіріне аяқ бастық. Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер біздің жаңа қадамдарымызға бастама болары сөзсіз. Енді басқару стилі де толығымен өзгереді деп сенеміз. Еліміз суперпрезиденттік формадан күшті Президенті, ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар мемлекетке өтуде. Бұл біздің кәсіподақ саласына да жаңаша серпін беретіні сөзсіз.

Демократиялық реформаларға келсек, бір жағынан сайлау заңнамасын, саяси партиялар туралы, бейбіт митингілер мен шерулер өткізу жайындағы заңдарды ырықтандыру жүріп жатыр, екінші жағынан еліміздің әрбір азаматы жүгіне алатын Конституциялық сот құрылуда. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді.

Мұндай өзгерістер біздің кәсіподақ ұйымдарында айналып өтпеуі керек. Жаңа Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары да заман көшіне лайықты жұмыс істеуі керек. Бүгінде көпшілік қауымға кәсіподақ жайында әңгіме айтсаң, олар Кеңес заманындағы санторийға жолдама тарататын мекемені еске алады. Қазіргі заманны кәсіподақ ұйымдары еңбек нарығында өз орынын ойып тұрып алуы керек. Сол кезде ғана біздің жұмысымыз алға басатын болады.

Бұл үшін ең алдымен ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Заңнамаға өзгертулер енгізу платформа қызметкерлерінің кәсіподақтар құру құқығын, оның ішінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, келіссөздер жүргізу, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет.


Олар салалық жергілікті кәсіподақтарға бірігіп, мамандандырылған қоғамдық бірлестіктер құра алар еді. Ол үшін кәсіподақ ұйымдарын құру үшін қызметкерлердің нақты санаттарын анықтап, платформалық жұмыспен қамту саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуға консультативтік қолдау көрсету қажет.

Сонымен қатар, кәсіподақ жетекшілері цифрлық платформалар жұмысшылары мен жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесін анықтау, сондай-ақ халықаралық стандарттарды, мүмкін халықаралық еңбек ұйымының платформалық жұмысқа орналастыру бойынша жаңа конвенцияларын әзірлеуі керек деп санаймын.

Платформа жұмысшылары мен цифрлық платформалардың өздері туралы деректер банкін құру, ұлттық деңгейде платформаны жұмыспен қамтуды және оған қатысушыларды реттейтін заңдарды қабылдау және оларды әлеуметтік диалогқа тарту қажет.

Ерболат Сатыбалдин, «Кәсіп қорған» салалық кәсіподағының төрағасы, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты

Рекомендовать
Последние новости