Өзге Қазақстан? Смайыловқа астыртын шабуыл күшейді - дереккөз

Сағыныш Сардарова 25 сент. 2024 10:36 5341

Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов олигархтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген кредит беру практикасын сынға алғаннан бері, оған қарсы анонимді телеграм арналардан бастап, түрлі сарапшылар тарапынан негізсіз сын көбейген, - деп хабарлайды Dalanews.kz  DALA INSIDE арнасына сілтеп.

«Ескі олигархтар биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастады. Өздерінің идеологтары бар және олар 2029 жылғы президент сайлауына тыңғылықты дайындық жасап, жоспар әзірлеуде. Әлихан Смайыловтың олигархтарға қаржыландыру беріп отырған Қазақстан Даму банкінің жұмысына араласа бастауы олардың ашуын туғызып отыр. Сондықтан олигархат түрлі ақпараттық шабуылдар арқылы Әлихан Асханұлына «аяғыңды тарт» деген сигнал бергісі келеді», — дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Арна мәліметінше, соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейтті. Олар өзінің негізгі электоратын бюджетке бағынышты емес жұмысшы тап пен фермерлерден құрмақ. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын электорат бар екенін ескерсек, «Өзге Қазақстан» болашақта елеулі күшке айнала алады.

«Өз өкілін президент қылу жоспары арзан тұрмайды. 5 жыл толассыз жұмыс жүруі қажет. Алдын-ала есептеулердің өзінде жүздеген миллиард теңге қажет екені белгілі болды. Және ол бизнестегі обороттан тыс, басы бос ақша болуы керек. Сондықтан да олигархатқа Қазақстан Даму банкі сынды жеңіл қаржыландыру көздері ауадай қажет», — дейді, дереккөз.

Арна «Өзге Қазақстан» өзін белгілі бір саяси қозғалыс ретінде тек 2027 жылдары ашық көрсетеді деп топшылайды. Оған дейін астыртын жақтастар тарту, барлығын бір идеологияға біріктіру, инфрақұрылым дайындап, штабтар ашу бойынша шаруалар атқаруы әбден мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости