Өзбектің ЕАЭО-ға бақылаушы болудан басқа амалы қалмады...

Dalanews 10 мар. 2020 03:42 891

Өзбекстан билігі Ресей басқаратын экономикалық блокқа кіру-кірмеу туралы шешім қабылдамас бұрын, ұйымға бақылаушы болатынын мәлімдеді.

Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) Ресей 2015 жылы Беларусь және Қазақстанмен бірге құрды. Кейін ұйымға Армения мен Қырғызстан кірді. Бұрынғы советтік тағы бір республика – Молдова ұйымға бақылаушы болып тіркелген.

Блок ұйым аясында еркін сауда жасап, капитал алмасуға ұмтылады, бірақ оның бірқатар мүшесі сауда шектеулеріне сын айтып жүр.

ЕАЭО Өзбекстанды да ұйымға қосып алғысы келеді. Ислам Каримов билігі кезінде Ташкент блокқа ұмтылмады.


Бақылаушылардың айтуынша, президент Шавкат Мирзияев билікке келген соң, Өзбекстан-Ресей қарым-қатынасы жыли бастады. Мирзияев елге шетел инвестициясын тартқысы келеді.

34 миллион халқы бар Өзбекстан ұйымға кірген жағдайда, ол экономикалық одақтың Ресейден кейінгі тұтыну нарығы үлкен елге айналады.

24 қаңтарда Мирзияев парламентке жолдауында үкімет "Еуразиялық экономикалық одақпен әріптес болу жолдарын зерттеп жатқанын" мәлімдеген.

Рекомендовать
Последние новости