Өзбекстанда азық-түлік қымбаттап жатыр

Dalanews 14 нояб. 2021 07:46 1130

Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, өлкеде азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 14,4%, соңғы он айда 7,3% өскен.

Статистика комитеті бұл 2019-2020 жылдармен салыстырғанда көп көрсеткіш емес екенін айтады. 2019 жылы азық-түлік тауарлары 19,5%, 2020 жылы 17% қымбаттаған.

Ресми мониторингке қарағанда, қазан айында азық-түлік бағасы орта есеппен 1,9%, күнделікті тұтыну тауарлары 1,1%, қызмет көрсету ақысы 0,5% көбейген. Ал инфляция деңгейі – 10,6%.

11 қарашада Өзбекстанның бірқатар банктерінде доллар бағасы өсті.

Рекомендовать
Последние новости