Отырарда биыл жоспар бойынша егістік көлемі 25 мың гектарға жетуі керек болған. Әйтсе де, қажетті түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының нәтижесінде оның көлемі 28 гектарға ұлғайды. Оған қоса, осы жылы Сырдария мен Арыс өзендерінде су мол болғандықтан, «қызыл су» егіс алқаптары мен жайылымдық және шабындық жерлерге бұрылды. Мұнан бөлек, жаз айларында пайда болатын су тапшылығының алдын алу мақсатында Шыбықбелде жеті миллион куб, Көксарайда он миллион куб тіршілік нәрі жиналды. Енді жаз мезгілінде Маяқұм мен Көксарай ауылындағы екі мың гектарға жуық егістік алқаптар осы тасқынсу есебінен суарылмақ. Осыған байланысты Сырдария мен Арыс өзендерінің арасындағы 368 шақырымдық дренаждық жүйе қалпына келтірілмек. Осылайша бос жатқан жерлерге диқандар егін егіп, аудан экономикасының өсуіне ықпал етпек.
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 520.5
- EUR 572
- RUB 6.03
