Отан – отбасынан басталады

Dalanews 09 нояб. 2018 16:37 1198

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қараша – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында байқау өтті.

Мұндай іс-шаралар еліміздегі отбасылық құндылықтардың нығюына ықпал ететіні сөзсіз.

Байқаудың үш кезеңі – Отбасын таныстыру, отбасылық өнер және үй тапсырмасы бойынша қала және ауылдық округтерден келген отбасылар қатысып атсалысты.

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар, І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости