Өскеменнен Алматыға қатынайтын күре жол 2021 жылы пайдалануға беріледі

Dalanews 01 мая 2020 12:59 806

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапармен келген Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Өскемен-Талдықорған, Қалбатау-Майқапшағай бағытындағы жол құрылысымен танысты деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын күре жол Шығыстағы Аягөз, Шынқожа,Үшбиік және Алматы облысындағы Қойлық елді-мекенін айналып өтеді. 



Жол жөндеуді 3 мердігер ұйым - "CITIC Cinstruction Co.Ltd" ЖШС-і, "К-Дорстрой" және "Todini Central Asia" ЖШС-і жүргізуде. 


Жол құрылысының бір бөлігін жөндеуді жауапкершілігіне алған "К-Дорстрой" ЖШС-і басшысы Валерий Жұмағазиновтің айтуынша құрылыс барысында жаңа техника қолданылған. Тас жол Шығыстың жазы ыстық, қысы суық климатын ескеріп төселген. 



"Жобаны 2017 жылдан бері жүргізудеміз. Алдымен құрылыс жүргізетін аралықты зерттеп-зерделеп алдық. Құрылыс-монтаж жұмысына былтыр кірістік. Бірінші кезекте сапа мәселесін назарға алдық. Атқарған шаруамыз шикі боп жатса, атымызға сын. Сондықтан тас жол ұзақ жылға шыдас беретіндей болуы керек. Құрылыс жұмысы толық аяқталғасын бұл жол 7-8 жыл бойына қиындық туғызбайды", – дейді ол. 



Елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан жол жөндеу жұмысы тоқтаған жоқ. Барлық учаскіде жауапты ұйымдар жол төсеуді жалғастыруда. 



"Үкімет жол құрылысына қыруар қаражат бағыттауда. Биыл Қазақстан бойынша 4 мың шақырымға тарта жол жөнделеді. 2021 жылға дейін 2,6 мың шақырымды құрайтын жол құрылысы аяқталады. Айта кетерлігі Шығыс Қазақстан жол жөндеуде көш басында келеді. Оның үстіне бұл сала жүздеген, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр, – деді өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов. 



Өскемен-Талдықорған күре жолы 2021 жылы пайдалануға берілмек.



Қалбатау-Майқапшағай жолын жөндеуді Қытайдың "СиньСин" компаниясымен бірлесіп "ҚазГерСтрой" ЖШС-і мойнына алған. Бұл жолдың ұзындағы 415 шақырым. Жаңа жол екі аралықтағы жолға жұмсалатын уақытты екі есе қысқартып, көлік ағынын жиілетпек. Бұл учаскінің құрылысы 2022 жылы аяқталады. 



Рекомендовать
Последние новости