Өскеменде құрылысшылар арасында тұңғыш спартакиада өтті

Dalanews 08 авг. 2024 19:16 2644

Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында, сондай-ақ Париж Олимпиадасындағы Қазақстан спортшыларын қолдау мақсатында Өскемен қаласында  құрылыс ұйымдары арасындағы тұңғыш спартакиада өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Спартакиада аясында өткен спорт сайысының түрлері:
1)үстел теннисі (ерлер, әйелдер);
2) қол күресі;
3) гір көтеру (16 кг және 24 кг);
4) жүкпен отырып тұру (50 кг);
5) арқан тартыс.


Жүлделер мен бағалы сыйлықтардың 24 жиынтығы ойнатылды. Спартакиадаға 11 мердігерлік ұйым қатысты. Олардың қатарында «VK Development group» ЖШС, «Гранд Энерго Групп» ЖШС, «ALASH QURYLYS QZ» ЖШС, «ДСУ-11» ЖШС, «НС Техгрупп» ЖШС, «Терезе» ЖШС, Эксперт», «Востоквзрывпром» ЖШС, «ОЭСК» АҚ, «AN Group» ЖШС, «Elit Story group» ЖШС сияқты құрылыс компанияларының жүзден астам қатысушылары мен жанкүйерлері бар.
Болашақта бұл іс-шара футбол және волейбол сияқты кең ауқымды түрлерімен жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр, сонымен қатар құрылыс саласы мен спорт фестивалін байланыстыратын жаңа түрлері де қарастырылмақ.


Рекомендовать
Последние новости