Ордабасы ауданында электронды сауданың мүмкіндіктері түсіндірілді

Dalanews 27 нояб. 2018 05:11 914

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 12-қарашасында «Қажымұхан» ауылының тұрғындарымен «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын насихаттау және «Тауарлармен электронды сауда – жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында жеке тұлғалармен кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылар назары акцияның негізгі мақсаты түсіндірілді, яғни, салық төлеушілердің құқығын қорғау, салықтық сауаттылықты көтеріп, салықтық мәдениетке тәрбиелеу, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, көлеңкелі экономиканың алдын алу, көлеңкелі бизнес иелерін қоғам болып әшкерелеп, адал кәсіпкерлікке үндеу екенін және қазына халыққа әлеуметтік төлемдер болып қайтатынын айта келе, акцияның аяқталуына бір ай қалғанын ескере отырып, чекті талап етіп, салық түсімінің өсуіне ықпал етумен ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін Салық кодексімен 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, интернет-сауданы қолдау мақсатында, корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылғанын және оны қолдану үшін қандай шарттар қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу соңында, Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысушылардың барлық сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптар беріп, істеріне сәттілік тіледі.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости