Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласында 31 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

Dalanews 26 нояб. 2018 05:21 954

Ордабасы аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылық саласында 31 млрд. 975 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,5 пайызды құрады (облыс көлемінде 7 орын).

Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 16 млрд. 689 млн. 100 мың теңге, нақты көлем индексі 101,2 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 15 млрд. 195 млн. 900 мың теңге, нақты көлем индексі 106 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.

Бүгінде мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталғанын айта кетуіміз керек. Өткен жылы ауданда ірі қара мал – 56338 бастан асса, қой мен ешкі – 311 889 бас, жылқы – 20922 бас, түйе – 633 басты құрғанды-ды.

Осы ретте мал шаруашылығы саласында өнім өндіру ісі де алға басып келе жатқанын атап айтуға болады. Ауданда мал мен құс етін өндіру (тірі салмақпен) – 20673,8 тоннаға жетті. Сол сияқты тауықтан алынған жұмыртқалар – 9174,4 дананы құрағанын айта кетуіміз керек. Ал сиырлардан сауылып алынған сүт – 40127,1 тоннаға жетіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үлкен нәтижеге қол жеткізгенін айрықша атап өтуге болады.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости