Ордабасы ауданында 60-тан астам сүт фермасы құрылды

Dalanews 21 нояб. 2018 05:30 1127

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында сүт өндіру ісі қазіргі таңда қарқынды дамып жатыр. Сүт өндіру ісіне обылыс аумағында Жанұялық сүт фермаларын ашу ісі айрықша серпін бергенін атап айтуға болады. Бүгінде Ордабасы ауданында 60-тан астам сүт фермасы ашылған.

Ордабасы ауданында 2017-2018 жылдары іске асатын 3 серпінді жоба болған еді. Соның бірі «Бөрте милка» сүт өңдеу зауыты өндіріс болатын. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 50 тонна сүт өңдейді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құрайды.

Сол сияқты «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кәсіпорыны да сүт өндіру ісінеде табысты жұмыс істеп келеді. Өндіріс қуаттылығы тәулігіне 6 500 литр сүт өндіріп, мыңдаған литр сүтті өңдеп, дайын тауар күйінде халыққа жеткізетін мүмкіндікке ие. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 1,0 млрд. теңгені құрған болатын.

Бүгінде Ордабасы ауданы әкімдігі әрбір ауыл округтің әлеуеті мен басым бағыттарын басшылыққа алып, жұмыс істеуді қолға алған бірден-бір аймақ десек артық айтқандық болмас еді. Әр ауылдың әлеуеті басшылыққа алып жұмыс істегеннің арқасында қазір ауданда мал бордақылау алаңдары мен жанұялық сүт фермалары жоғары деңгейде дамып, өз нәтижесін бере бастады.

Рекомендовать
Последние новости