Ордабасы ауданында мал басын асылдандыру ісі қарқынды жүріп жатыр

Dalanews 22 нояб. 2018 05:44 1052

Ордабасы ауданы тұрғындары ауыл шаруашылығын дамыту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Қарапайым жер емен шаруалардың аграрлық саланы дамытуға ынта қойып кірісуіне мемлекеттік деңгейде қабылданған бағадарламалар да ықпал етіп отырғанын атап айтуға болады.

Ауданда бір ғана «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара малдың 947 аналық басын тұқымдық түрлендіру жоспары – 1971 басқа жетіп, межеленген жоспар 208,1%-ға артығымен орындалған. Осылайша ордабасылық шаруалар мал басын асылдандыруға ерекше ден қойып отырғаны көңіл қуантады. Асыл тұқымды малдар мал шаруашылығы саласының өнімділігін арттыруға септесетіні айтпасада түсінікті.

Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша – 4950 бас уақ малды асыл тұқымдандырумен қамту жоспары – 6804 басты құрап, бұл бағыт бойынша да жоспар 137%-ға артығымен орындалғанын байқауға болады. Сол сияқты

«Құлан» бағдарламасы бойынша тұқымдық түрлендірумен қамтылған жылқының санын – 431 басқа жеткізу жоспарланып, орындалғаны – 433 бас немесе 100,7% орындалды. Осы бір статистикалық көрсеткіштерден Ордабасы ауданында мал басын асылдандыру ісі қарқынды жүріп жатқанын бағамдауға болады.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости