Оралдағы қалалық соттың төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған кезінде ұсталды

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2024 09:35 1886

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген. 

Руслан Жұмағұлов 1980 жылы туған. 2001-2011 жылдары аралығында БҚО прокуратура органдарында қызмет еткен. 

2011-2015 жылдары адвокат болған. 

2015 жылы Оралдағы қалалық сотқа судья болып тағайындалып, 2019 жылы соттың төрағасы болған. 


Рекомендовать
Последние новости