Елімізде жылдық инфляция көрсеткіші үдеп, қазан айында 8,5%-ды құрады

Кәмшат Тілеухан 01 нояб. 2024 13:53 3722

Жылдық инфляция көрсеткіші үдеп, қазан айының қорытындысы бойынша 8,5%-ды (қыркүйекте – 8,3%) құрады,ал ай бойында 0,9% қамтыды (өткен айда – 0,4%). Жылдық инфляция көрсеткішіне өткен аймен салыстырғанда тұрғын үй қызметтері (2,1%), азық-түлік және алкогольді өнімдер (1,9%), киім-кешек пен аяқ-киімдердің бағасының (1%) өсімі айтарлықтай ықпал еткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тарифтер, атап айтқанда суық суға – 60,3%, орталықтан жылытуға – 33,6%, су бұруға – 26,9%, электр энергиясына – 22,9%, ыстық суға – 18,1%, қоқыс шығаруға – 16,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 11,6% өсті.

Мына қызмет түрлерінде баға әлдеқайда өсті:

  • байланыс – 17,4%,
  • кешенді демалыстарды ұйымдастыру – 16,4%,
  • шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 11,9%,
  • діни рәсімдеу, жерлеу – 11,6%,
  • денсаулық сақтау қызметтері – 11,4%,
  • демалыс және спорттық іс-шаралар саласында – 10,8%,
  • жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 10,7%,
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,8% жоғарылады.

Теміржол билеті – 23,7%, ұшақ билеті – 16,4%, қалалық автобус тасымалы – 11,8%, такси 10,6%-ға қымбаттады.

Азық-түлік себеті:

Қияр - 27,6%, қызанақ – 27%, темекі өнімдері – 15,8%, минералды және ауыз су – 14,1%, картоп – 13,9%, кондитерлік өнімдер – 12,6%, салқындатылған сусындар – 11,4%, жеміс және көкөніс шырындар – 10,4%, жұмыртқа 9,4%-ға қымбаттады.

2024 жылғы қазанда инфляцияның жылдық мәні мына өңірлерде жоғары болды:

  • Астана қаласы (10,2%),
  • Маңғыстау облысы (9,7%),
  • Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысы (9,4%).

Бұған дейін Ұлттық банктің қазан айындағы валюта нарығындағы ахуалға қатысты есебін жариялаған болатынбыз. 


Рекомендовать
Последние новости