Оралда арқан тартыстан Қазақстан Республикасының рекорды орнатылды

Ақтоты Жапатова 07 апр. 2025 10:09 279

Оралдағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғашқы рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді. Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты.

Шара салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық мұрамызды ұлықтауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жарысқа екі команда — «Жайық» және «Еділ» қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты өткен бәсекеде «Жайық» командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, рекорд орнатылғанын жариялап, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.


Рекомендовать
Последние новости