Оңтүстіктен «EXPO-2017» көрмесіне 5 жоба қатысады

Dalanews 17 апр. 2017 16:20 911

Қазақстанды дүниежүзіне танытатын «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жасыл экономика бағытындағы 5 ірі жоба қатысады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы П.Қонысбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған жобалар «Нұр әлем» ұлттық павильонын толықтыру мақсатында Қазақстан Республиаксы Энергетика министрлігімен іріктеліп, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ-на ұсынылған.

Алдағы уақытта жасыл экономика бағытындағы жобаларды кеңінен таныстыру мақсатында журналистер үшін арнайы пресс-тур ұйымдастыралытынын айтқан спикер қатысатын жобаларды атап өтті.

Олар, «Болашақ энергиясы», «Таза су – өмір бұлағы!» – «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің жобасы, «Негізгі су агрегаттарын және қосалқы қондырғыларды кешенді түрде жаңарту» – «Шардара СЭС» АҚ-ы, «ПКОП» ЖШС-нің жаңғырту жобасының аясында қоршаған ортаны жақсарту бойынша жаңа технологиялар» – «ПКОП» ЖШС-гі, «Шымкентцемент» АҚ-ын жаңғырту жобасы аясында қоршаған ортаны жақсарту» – «Шымкентцемент» АҚ-ы мен «Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қуаттылығы 50МВт күн электростанциясының құрылысы» -  «Green Energy 3000» ЖШС-рі.

Сонымен қатар, ол Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік деңгейде дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, сол бағытта тиісті жұмыстардың атқаралып жатқанын айтты.

«Жоспарға сәйкес, облыс көлемінде «ЭКСПО - 2017» көрмесін жарнамалау және ілгерілету, өңір тұрғындарының көрмеге қатысуын, көлікпен, жатын орынмен қамтамасыз ету, көрмеге қажетті еріктілердің даярлығын қамтамасыз ету, көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірлеу, көрменің өту кезеңінде Астана қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізу және «Нұр әлем» Қазақстанның ұлттық павильонын толықтыру бағытында жұмыстар жүргізілуде»,- деді П.Қонысбаева.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости