Оңтүстік қоғамдық көлікпен 2,6 миллиард жолаушы тасымалданған

Dalanews 02 февр. 2018 02:50 889

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы қоғамдық көлікпен 2 млрд. 610 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұтов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыста жолаушыларды тасымалдау қызметін 62 жеке мекеме келісім шарттар негізінде қызмет көрсетеді. Өңірде жолаушыларды тасымалдау желісі бүгінгі таңда 400 бағытта қатынап отыр. Оның 37-і облысаралық, 115-і ауданаралық, 121-і қалалық, 127-і ауданішілік бағыттар.



– Қоғамдық көлік бара алатын және жол жағдайы талаптарға сәйкес келетін облыстағы 766 елді мекен 90,2 пайыз қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген. 2017 жылға арналған қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету индикаторы толығымен орындалды. Аталған көрсеткіш бойынша облысымыз республика 5-орынды иемденіп отыр, – деді Нұрлан Мархабатұлы.

Сондай-ақ, облыс  аумағында 7 автовокзал мен 23 автобекет халыққа қызмет көрсетеді. Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес өңірдегі автовокзалдарды стандарт талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жандандарылуда. 2020 жылға дейін облыстағы автовокзалдар мен автобекеттерді Ұлттық Стандарт талаптарына 100 пайызға сәйкестендіру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, аймақта әлеуметтік маңызы бар «Шымкент - Сарыағаш» және «Шымкент-Түркістан» темір жол бағыттары автомобиль жолымен қамтылмаған елді мекен тұрғындарына тасымалдау қызметін көрсетіп келеді.



ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/33683

Рекомендовать
Последние новости