Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды жолдар жөндеуден өтеді

Dalanews 10 июн. 2017 05:40 742

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан шаһарындағы 71 шақырым жол мен 1 көпірдің (21 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау мен қаладағы 59,2 шақырым жол мен үш көпірдің (5 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу биылғы жылға көзделіп отыр. Мамандардың мәліметі бойынша мұнда екі ірі жоба - Теке және Жалантөбе елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 26,1 шақырымды құрайтын КХ-84 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ойық және Ащысай елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын КХ-56 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 53,5 шақырымды құрайтын екі нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Шаға, Қосқорған, Еңбекші Диқан, Ескі Иқан, Ақтөбе және Ибата елді мекендерінен өтеді.
Бағдарлама Түлкібас ауданын да айналып өтпейді. Мұнда 16 нысанның немесе 72 шақырым жол мен екі көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары және үш нысанның немесе 16 шақырым жол мен бір көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге сала мамандары қазірден-ақ кірісіп кетті. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы жеті шақырымды құрайтын Т.Рысқұлов, Шұқырбұлақ және Түлкібас елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-64 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости