Оңтүстік кооперативтер құруда елімізде көш бастады

Dalanews 19 окт. 2017 16:19 710

Оңтүстік Қазақстан облысы кооператив құру бойынша республикада көш бастады. Қазірдің өзінде өңірде кооператив саны 158-ге жетті.  Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.



[caption id="attachment_31247" align="alignleft" width="300"] Фото. Самат Мырзалиев.[/caption]

Биыл облысымызда агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген.  Оның 172 млрд теңгесі мал шаруашылығына, ал 203,5 млрд теңгесі егін шаруашылығына тиесілі. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге артқан.  Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыстың үлесі 13 пайызды құрап, 2-орынды иемденіп отыр.

–  Облысымызда ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есеге артты. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудегі инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып отыр.  Сондай-ақ биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн. АҚШ долларына жетті. Ал, импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрады, – деді Серік Ордабекұлы.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі облыс бойынша 818,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға артқан. Сондай ақ, «Сыбаға» бағдарламасымен 14516 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы негізінде 26230 бас қой, ал «Құлан» бағдарламасы аясында 2557 бас жылқы сатып алыныпты. Ал суармалы жерлердің ұлғайту бойынша 3 106 гектар жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, 1 057 гектар суармалы жер жаңадан іске қосылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/30943

Рекомендовать
Последние новости