Оңтүстік журналистері Түркияға барады

Dalanews 29 июн. 2017 14:24 721

28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай,  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қаладағы бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысты.


Ең алдымен аймақ басшысы «ERNUR» корпорациясының баспаханасында болып, оның жұмысын көрді.  Бұл мекеме – баспа ісімен қатар баспа өнімдерін сату және таратумен, танымдық бағыттағы газет-журналдар шығарумен айналысады.


«ERNUR» корпорациясына қарасты баспаханада бүгінгі таңда 80 газет-журнал басылады. Олардың қатарында республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время, сынды беделді басылымдардың Оңтүстік аймағына тарайтын таралым мен республика көлеміне тарайтын жергілікті басылымдар да басып шығарылады. Яғни, баспа станогы бір айда 4 миллионға жуық таралымды басып шығарады. 450-ден астам адам жұмыспен қамтылған баспаханада жоғары технологиялы станоктар орнатылған.


Баспахананы аралап көрген әкім медианарықтағы бәсекеге лайықты жұмыс істеу өмір талабы екенін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Мұнан бөлек, әкім өңірдегі «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттері редакцияларының жұмысымен танысып, журналистермен тілдесті.


Шығармашылық ұжыммен болған жүздесуде  әкім басылым - мемлекетіміздің тыныс-тіршілігі мен айнасы екенін айтып, Елбасының саясаты мен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облыста кең көлемде насихатталуына үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.


«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында журналистердің егемендіктің елең-алаңынан бері қозғап жүрген мемлекетіміздің болашағы үшін барлық маңызды тақырыптарға ерекше мән бергенін көрдіңіздер. Рухани жаңғыру, ұлттық жаңару сынды ауқымды жұмыстарды атқаруда сіздердің еңбектеріңіз бен көмектеріңіз ауадай қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары заманауи даму үдерістеріне сай қалыптасу керек. Ол үшін ірі медиахолдинг аясына топтасып, ақпараттық бәсеке барысында жаңаша үлгіде жұмыс істеуге көшкеніміз абзал болар»,- деді әкім.


Өңірдің интелегенциясының өсіп, өркендеуіне мол үлес қосып келе жатқан ұжымдарға  қолдау көмек көрсету қажеттігін айтқан аймақ басшысы мемлекеттік үш газеттің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге тапсырма беретінін айтты. Сонымен қатар, медиасаладағы тың жаңалықтардан көш қалмай, сұранысқа қарай жұмыс жасауды және интернеттік журналистиканы да қолға алуды атап өтті.


Сапары барысында облыс әкімі 25 жылдық тарихы бар «Отырар» телеарнасында болды. Онда «Собкор» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің басшысы Куликова Валентина «Рабат», «Оңтүстік  Рабат»  газеттері мен телеарна жұмысын таныстырды. Сондай-ақ, ол бүгінге дейін жеткен жетістіктерін баян етті.


Осы ретте, әкім жаңалықтың жаршысы болып жүрген телеарна ұжымына алғысын білдіріп, оларға жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда табысқа жете берулерін тіледі.


Осы күні өңір басшысы 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.


Мерекелік шарада Ж.Түймебаев Оңтүстіктің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріндегі жетістіктерін насихаттауға және облыс тұрғындарының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар журналистерді марапаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Түркия еліне өңірдегі бас редакторлар мен меншікті тілшілерге жалпы саны 20 адамға жолдама берді.


Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық  ақпарат құралдарының саны 258-ге жетіп отыр.


Рекомендовать
Последние новости