Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

Қаракөз Амантай 12 мая 2025 14:58 209

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр Индустриалды аймақтағы Kia автомобиль шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.Kia Qazaqstan кәсіпорны 1500 жұмыс орнын құрып, CKD әдісі бойынша 3 модельді (Sorento, Sportage, Cerato) және SKD құрастыруын қолданатын 10 модельді шығаруды жолға қояды. Онвң жобалық қуаты жылына 70 мың автокөлікке дейін жетеді. Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Е.Нағаспаев «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытында және салынып жатқан жетек осьтерінің бас берілістерін шығаратын зауытта болды. Құю өндірісінің қуаттылығы жылына 45 мың тоннаға дейін жетеді, редукторлар (жылына 74 мың дана) өндірісін іске қосу 2025 жылдың екінші жартысында күтілуде. «KamLitKZ» Қазақстандағы осындай профильдегі жалғыз кәсіпорын болып қала береді.


Автокөлік құрамдас бөліктерінің базасын дамыту аясында Министр «TEHNOPARK» шағын индустриялық аймағының қызметімен танысты, мұнда қуаттылығы жылына 60 мың құрамдас бөлікке дейінгі оқшаулау орталығын салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ProProduction 10» автокомпоненттері зауыты мен «Тобыл» ТМК «Құрғақ порт» логистикалық кешенін салу жобалары таныстырылды.

Министр «Allur» зауытының қызметімен, сондай-ақ жұмысшылар мен студенттерге арналған жатақхана құрылысының барысымен танысты. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында зауытта JAC, Chevrolet,Kia, Jetour және Skoda маркалы 25 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Қазіргі уақытта модельдерді оқшаулау бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Одан бөлек, Министр LOVOL, DEUTZ-FAHR, ESSIL, JOHN DEERE маркалы тракторлар мен комбайндарды, AMAZONE тұқым себу кешендерін және т.б. шығаратын «AGROMASH» ауыл шаруашылығы машиналарын жасау зауытында, сондай-ақ сұранысы жоғары мамандықтар бойынша 1,5 мыңға жуық студент оқитын Қостанай автомобиль көлігі колледжінде болды.


Министр өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын сақтаудың және инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости