Қазақстандық алаяқ Польшадан экстрадицияланды

Көркем Алдабергенова 10 мая 2025 15:11 1323

Алаяқтық жолмен 45 млн теңгені иемденген күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.

Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді.

2025 жылғы ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости