Өмірзақ Шөкеев Сайрамда шаруалармен Елбасы Жолдауын талқылады

Dalanews 28 нояб. 2018 14:24 877

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен болды.

Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС мен «Nurym Group» ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Ең алдымен, «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің қарқынды бау шаруашылығындағы біршама жетістіктерге куә болған Ө.Шөкеев облыста жеміс-жидек, жүзім шаруашылығының егіс көлемін ұлғайту, гектар түсімділігін арттыру мәселесі барлық уақытта күн тәртібінен түспей, әрдайым дамып келе жатқанынан хабардар болды.

Айта кетсек, қарқынды бау шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Сонымен қатар, бау аралық агротехнологияларды жүргізу үшін қажетті техникаларға және сатылып алынған шетелдік, отандық көшеттерге субсидия төленуде. Бұл көмектер тауар өндірушілердің қарқынды бау егуге деген қызығушылығын арттырып, ағымдағы жылы 0,9 мың га жеміс, 0,4 мың га жүзім, 0,2 мың га жаңғақ, 0,1 мың га таңқурай егілді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости