"Өлімнен ұят күшті...". Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

Dalanews 16 июн. 2023 05:59 552

Ұлттық музейдің экс-директоры өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша айыптың дерлігі ойдан шығарылған, «сот барысында ақша жымқыру фактісі бойынша бірде-бір дәлел келтірілмеген".

«Аса құрметті сот! Қазақта "өлімнен ұят күшті" деген тамаша мақал бар. Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырған жоқпын. Бұл жала, – деді Мұхамедиұлы сотта.

Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылды. Сот сәуір айында басталған.

Бір күн бұрын прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айтқандай


Тоқаев «қазақтандыру» процесін бастап кетті. Кремль «Ата жолынан» астар іздеуде.

Толығырақ: https://t.me/dalainside/1361

 

https://dalanews.kz/aimak/90717-togan-qazudan-bastap-tauarly-balyq-o

 

https://dalanews.kz/saraptama/90696-buu-qazaqstannyng-khalyqaralyq-arenad

https://dalanews.kz/bilim/90704-biyl-turkistan-oblysynyng-mektepteri

Рекомендовать
Последние новости