"Олар халықты ұмытқан". Мәжіліс депутаты әкімдер мен министрлерге шүйлікті

Dalanews 05 авг. 2020 08:01 748

Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек! Осылай деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды.




Халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай, дерттің алдын алуымыз екіталай дейді ол, деп хабарлайды Dalanews.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мамин бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған депутат Нұржан Әлтаевтың айтары басқа.

Дайындық өз алдына, бірақ жауапты ведомстволарда әуелі жемқорлық тыйылмай, елдегі вирустың таралуы тарылмайды дейді халық қалаулысы. Мәжілісмен вируспен күреске деп бөлінген миллиардтардың дұрыс жаратылмай жатқанына қапалы.

– Ең біріншіден, бұл жерде мынау коронавирус емес, ең басты проблемалардың салдары ол – жемқорлық! Жемқорлықтың кең таралғаны. Сол жемқорлықты жеңбей, осы біздің мемлекеттік басқару жүйелерін өзгертпей, ешқандай нәтиже болмайды деп санаймын, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев.

Рекомендовать
Последние новости