КВИ мен пневмонияны есепке алудың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға жол ашады

Dalanews 04 авг. 2020 10:33 762

COVID–19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет  барынша ашық болу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады.

ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультация жүргізілгенннен кейін, COVID-19 аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа коды бойынша кодтау және есепке алу туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап  зертханада анықталған COVID-19 бен  ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады.

КВИ және пневмонияны есепке алудың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды  жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашық болуына мүмкіндік береді. Бұл  мемлекетіміздің  пандемияға бірге күресуге және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екенін көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша статистиканы дұрыс қалыптастыру үшін Кодтау алгоритмі мен деректерді ақпараттық жүйелерге енгізудің  нұсқаулығын әзірледі, медицина қызметкерлерін COVID-19 кодтарын АХЖ-10 жіктемесі бойынша әзірлеуге  оқытты.

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 пациент қайтыс болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпарат орталығы

Рекомендовать
Последние новости