"Біртанов елден кетіп қалмасын". Ұлттық кеңес мүшесі дабыл қақты

Dalanews 04 авг. 2020 07:04 1046

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша ұсталып, қамауға алынғанын Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі растады.




Бұдан бұрын "Стратегия" саяси-әлеуметтік зертеулер орталығының жетекшісі, Ұлттық кеңестің мүшесі Гүлмира Илеуова экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты жазалауды талап еткен еді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Илеуованың пікірінше Тоқаев бастамасымен құрылған Ұлттық кеңес әуелгі мақсатынан ауытқыған жоқ.

"Бұл кеңесте қоғамдағы күйіп тұрған тақырыпқа қатысты ойымды ашық айта аламын. Әлеуметтік сауалнама жүргізбей-ақ, көзге қораш көрінетін кез-келген мәселені Ұлттық кеңестің хатшылығына жолдай аламыз.



Біздің ұсыныс-пікірімізді Тоқаевқа тікелей жеткізіп отыр. Мәселенің біразы шешілуде, – дейді Илеуова.

Оның айтуынша Тоқаев шешім қабылдауға келгенде қабілетсіз, жабық билікті жақсы көретін басшылардың қатарынан емес. 


"Оның басқару стилі өзгеше. Өткенде көрдіңіздер, Цирфрлық даму министрін алып тастады да, орнына ешкімді тағайындамады. Осылайша министрлерді әрі-сәрі күйге түсіріп қойды.

Тоқаев бар шаруаны министрлерге ысыра салмай, тікелей өзі араласуда. Бір ғана дәрі-дәрмек мәселесін алып қараңыздар. Бұл проблема да президенттің деңгейінде шешілуде. Бірақ мәселе де осыдан туындайды.

Өзге шенеуніктер сөз сапырғанға ғана шебер. Ал іске келгенде орашолақ. Орта жолда тастап кетеді. Аяқсыз қалдырады. Ақыры отставкіге кетеді. Мұндай министрлер оңай құтылдым деп ойламасын.

Мәселен, экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұшты-күйлі жоғалды. Мен оның жазаға тартылуын талап етемін. Ертең елден кетіп, көзден бұлбұл ұшпасын", – деген еді Ұлттық кеңес мүшесі.

...

Бұған дейін Біртановтың ұсталғаны туралы хабар тараған еді. Елжан Біртанов 2017-2020 жылы аралығында денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Коронавирус пандемиясы басталғанда-ақ денсаулық сақтау министрлігінің қызметі сынға ұшырап, ақыры президент Тоқаев Біртановты қызметінен алып тастаған еді.

Біртановтың ұсталғанын Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі растады.

“Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі

бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.


Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды.
Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды”, – делінген тергеу қызметі таратқан ақпаратта.

Рекомендовать
Последние новости