Ол азамат көп кешікпей анықталады: Қарағандының әкімі таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі туралы айтты

Азамат Қойшығара 29 янв. 2024 21:49 1754


Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды  Dalanews.kz. 


Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадаларына қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін қабылдау қажеттігін жеткізді.


Өңір басшысы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан оқиғаны өрескел құқықбұзушылық деп атады.



Бұл азаматтың орналасқан жері көп кешіктірмей анықталады. Жақын арада полиция оны табатынына сенімдімін. Біздің азаматтар жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын білемін. Алайда, кейбір адамдардың шыдамдылық танытпауы жалпыадамзаттық құндылықтардан, сыйластықтан, гуманизмнен жоғары болып тұрған тұлғалар да бар. Жедел жәрдем қызметкерлеріне және жалпы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмірін өлімнен арашалап қалатын басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін адамдарға қатысты кез келген осындай әрекеттер заң аясында жазаланады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.



Облыс әкімі тұрғындарды ережелерді сақтауға, жолдарда жедел жәрдем көліктерін өткізіп жіберуге, жанжалға жол бермеуге шақырды.


Еске салайық, әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тараған болатын



Рекомендовать
Последние новости