Өксікбаевтың жары киелі жерді қазғылап, алтын өндіруде – журналист

Dalanews 29 янв. 2024 22:26 7546


Белгілі журналист Диас Нұрақын Есеп комитетінің экс-төрағасы Омархан Өксікбаевтың жұбайы Ақтөбеде Ақпан сай деген аумақты қара жерді қазғылап, алытын өнідіріп, мал баққан шаруға кесірін тигізіп жатқанын айтып, Фейсбуктағы жеке парақшасында жазба қалдырды. Енді пост иесінің жанайқайына назар аударсақ.  


– Алтын іздеушілер Ақтөбе облысының астаң-кестеңін шығаруда. Хромтау ауданында «Ақпан сайы» деген жер бар. Мұнда атақты Ақпан Келімбердіұлы деген батыр жерленген. Тіпті, батырдың ұрпақтары басына құлыптас та орнатыпты. Бірақ осы тарихи жерді соңғы бірнеше жылдан бері алтын іздеушілер торып, қолдарына «металлоискатель» алып тінтуді бастаған. Олардың арасында трактормен топырақ қазып, оны арнайы алып құрылғыға (драга) салып жуып алтын шайып жатқандар да бар екен.



Табиғаттың талқандалып, өзен арнасының бұзылып жатқанына осы жерді жайлаған шаруа қожалық иелері алаңдауда. Өйткені мал жайылатын жерлерді алтын жуушылар техникамен қазып тастаған. Өзен арнасын бұрып, уақытша дамбы салып та алыпты. Салдарынан төрт түлікті суғаратын су қалмаған.



Ақпан сайындағы 12 мың гектар аумақты 2013 жылы «Ақпан» шаруа қожалығының иесі 49 жылға жалға алып, 250-300 бас жылқы өсіріп, мал шаруашылығын дамытпақ болыпты. Бірақ алтын іздеушілердің кесірінен шаруаның кәсібі тұралап қалған. Өйткені, бағалы металл өндірушілер айналаны түгел қазып тастаған. Алтын өндірушілер қазған жерін көмбейді екен.


Өңірде экологиялық апат болып жатқанын шаруалар құзырлы орындарға талай айтып, арызданған. Алайда алтын іздеушілерге ешкімнің тісі батпай отырса керек.


Өйткені айналаны қазып, өзен суын ластап, экологияны бүлдіріп жатқан «Кен Казына» деген серіктестігі бір дөкейдің отбасылық бизнесі дейді шаруалар. Атап айтқанда, бұл компания Ақбаева Раиса Малғаждаровнаға тиесілі.


Раиса ханым – бұрынғы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың жұбайы.



Сол себепті Ақтөбе облысындағы шенді-шекпендінің ешқайсысы бұл компанияның жұмысын тексеруге дәті бармайтын болса керек. Бұл қаңқу сөздің қаншалықты рас екенін Ақтөбе облысы әкімдігі айта жатар.



Ақпан сайында алтын өндіруге аталмыш серіктестіктер портал арқылы рұқсат алған. Сондықтан шаруа қожалық иелеріне жердің үсті сендердікі, астындағы байлығы біздікі деп айтатын көрінеді. Бірақ жердің астындағы бағалы металлды алу үшін үстін талқандауда. Әр жерді қазып, тонналаған топырақты сапырып жатыр.


Алайда бұл аумақ тарихи қорым болып саналады. Яғни, Ақпан батырдың жерленген жеріне жақында зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Батырдың жатқан жері тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу тізіміне енгізілді.  Оның мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңға сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштермен бірге қорғауалуы тиіс-тұғын.  Мұндай жағдайда жерді қазып, қандай да бір барлау жасауға болмайды.


Сол себепті жергілікті шаруа тарихи қорымды қиратып жатқандар дереу алтын қазу жұмыстарын тоқтатуы тиіс екенін айтуда.



Рекомендовать
Последние новости