О! МАҚПАЛ КЕЛЕ ЖАТЫР! 

Dalanews 19 янв. 2015 06:50 936

1 мың доллардан кем төлейтін тойларға бармаймын.  Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана келісемін. Кейде соның жартысына да қазақы көңілмен 5-6 әнімді шырқап кететінім бар. Бәрі де адамның қалтасына қарай шешіледі ғой. Ал 10 мың долларды осыдан бір-екі жыл бұрын тапқанмын. 

Азық-түлік сатып алу үшін «Көкбазарға» барған сайын үйсіз-күйсіздерге біраз ақша беріп кетемін. «Көкбазарда» қайыр сұрайтын 3-4 таныс кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. «О! Мақпал келе жатыр» деп, олар әрдайым мәз болғанда, жаным ашиды. Кейін араға апта салып, қайта келгенде, «өткендегі ақшаны мынаған жұмсадым" деп кәдімгідей есеп беріп жатады».

(Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың «Байстарс» порталына берген сұхбатынан).

Рекомендовать
Последние новости