"Қазақстанның азаматтары Нигерде қамауға алынды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Себебі азаматтарымыз бұл елде еркін жүре алады. Тек олардың төлқұжатын алып қойған", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Нигер астанасы Ниамей қаласында қазақстандықтар ұсталғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін 9-12 қаңтарда Қазақстанның Мысырдағы консулы Нигер астанасына барған. Онда ол Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерімен, Қарулы күштер бас штабының басшылығымен кездескен.
"2023 жылғы шілдеде Нигерде әскери төңкеріс болғаны белгілі. Осыған байланысты Нигердің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесуде қиындық туындап отыр. Дипломаттарымыз Нигердің тиісті органдарына ресми сауалдар жолдады. Отандастырымызды Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан азаматтары қамауға алынбаған, жүріп-тұруына шектеу қойылмаған, екеуі де қонақүйде тұрады. Алайда жергілікті әскерилер олардың төлқұжатын тәркілеп алған. Қазір осы мәселені шешу үшін бар күшімізді салып жатырмыз", - деді ресми өкіл..
Сурет: diapazon.kz