Нұрлан Смағұлов: "42 500 әжептәуір ақша. Бірақ бізде де кредит бар"

Dalanews 16 апр. 2020 08:00 1216

"Астана Моторс" және Mega ойын-сауық орталығының иесі Нұрлан Смағұловтың пікірінше мемлекет ірі бизнеске де қол ұшын созуы тиіс. Бұл туралы Форбс Қазақстанға сілтеме жасап Dalanews.kz хабарлайды.

"42500 теңге? Бұл ма, бұл әжептәуір ақша. Ең бастысы осы ақшаны алудың жолын жеңілдетсе және карантин кезінде ай сайын үзбей беріп отырса. Ашығын айту керек Қазақстанды цифрландыру саласы ақсап тұр, бұл саланың деңгейі тым төмен", – дейді Смағұлов.

Оның айтуынша мемлекет шағын және орта кәсіпкерлерге қолдан келгенше қарайласып жатыр.

"Ірі бизнес өкілі ретінде мұны қос қолдап қолдаймын, бірінші кезекте шағын бизнесті құтқару керек. Қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта оларға шынымен де оңай емес.

Алайда ірі бизнестің де мұң-мұхтажы бар. Осы себепті біздің кредитіміз бойынша жыл аяғына дейін займдарды субсидиялауды сұрап отырмыз. 


Неге десеңіз Astana Group қомақты кредит алып қойған. 400 млн доллар қазіргідей уақытта қалтаға әжептәуір салмақ. Мұны Үкімет мен айтпай-ақ түсінер деп ойлаймын. Осының арқасында мыңдаған жұмыс орнын сақтап қаламыз", – дейді кәсіпкер.

Сөй деген Смағұлов егер мемлекет қол ұшын созар болса, арендаторларға салмақ салмауға, оларға жеңілдік жасауға сөз беріпті.

"Мемлекет ірі бизнеске көмектесер болса бұл өз кезегінде шағын және орта бизнеске де оң әсер етеді. Біз ұжымдық келісімшарт әзірлеуіміз керек. Әлбетте мемлекеттің қалтасы түпсіз терең емес, Үкімет бірінші кезекте көмекке мұхтаж азаматтарға қарайласуы керектігін жақсы түсінеміз", – дейді "Астана моторс" әрі Mega ойын-сауық орталығының қожайыны.



Рекомендовать
Последние новости