Нұрбақыт Теңізбаев: "Жетісудан Олимпиада алтынын алатын балуандар шығады"

Dalanews 22 янв. 2020 12:23 1014

Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді.

Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айрықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды.

Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр бола түсері хақ.

Біздің айтқалы отырғанымыз, Алматы облысы спортының дамуы мен сүйікті саласына жанашырлықпен қарайтын білікті маман туралы болып отыр.

Мысалы, жақсы келді дегенше-жарық келді десеңші-дегендей, грек-рим күресінен олимпда ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығына келгелі бері, облыс спорты ерекші қарқын алып, өңірлерде спорт мектептері ашылып,  кешенді спорт нысандары  салына бастады.


Сонымен қатар, жастардың спортқа деген құлшынысы әсіресе ауыл-аймақтарда айырықша.

Әрине, спорттық инфрақұрылымдардың жаңа заман ағымына сай бой көтріп, спорт залдар жасөспірімдерге толыға бастауы көңілді қуантпай қоймайды. Өйткені, спорт пен дансауылыққа көңіл бөлген қоғамда  жаман әдет пен әрекеттерге орын  болмасы анық.

Сондықтанда білікті де білгер, жаста болса бас болып, өңір спортын басқарып отырған Нұрбақыт Теңізбаевтың аймақтағы спортты дамыту мен қатар үлкен спорттағы дарынды жастарға жағдай туғызу мақсатындағы әрбір игілікті қадамы жемісін беріп келеді.

Жетісу жерінің ой-қырында өткен әрбір додалы жарысты назардан тыс қалдырмайтын білікті маман  жас балуандардың қанатын қамдап биікке ұшуына қолдан келгенше қамқорлығын аямауда.

Сонымен қатар, Нұрбақыт Теңізбаев талантты жастардың көптеп өсіп келе жатқанына қуана айтады.

Талапты бала –талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай-демекші, талантты балалардың арасынан болашақты олимпида асуын бағындыратын балуандар шығатынына облыс спортының басшысы нық сенімді.

Әрине, Ұлды ұясында баула дегендей, дарынды жастарды көре білу оларды көп алдына шыңдап алып шығу бапкері үшін үлкен сын.

Сондықтанда бапкерлердің де таланттарды тани біліп, талмай жаттықтыру үшін жағдайлары оңды болғаны маңызды.


Ал, өзі спорттың қара қазанында қайнап,спорт залда шүмектеп тер төгіп арманы мақсатына жете білген Нұрбақыт секілді өңір спортын басқаратын басшы ол жағын жақсы біледі.

Сондықтанда бапкерлерге деген қолдау-қамқорлықты ерекше назарға алған. Жасөпірімдерге аламан жарыстарда сескенбей додаға түсу үшін шеберлік  пен қоса жүректілік те  керек.

Ал, жиі-жиі өткен жарыстар жаса балуандардың қайратын шыңдап, қорқынышын жояды. Бұл дегеніміз, жастарға дүбірлі өтер жарыстардың аудай қажет екендігін білдіреді.

Бала өсу үшін, үлкен сайыстарға үзбей апарып бағын сынату керек. Сонда ғана жас балуан төселіп, шыңая түседі.

Міне, сондықтанда Алматы облыстық спорт басқармасы  дүбірлі жекпе-жектерді ұйымдасыруға ұйытқы болып, зор көңіл бөле бастаған.

Ал, енді Талдықорғанда дзюдо, грек-рим, еркін күрес түрлерінен дүбірлетіп өтіп жатқан жарыстар айтылған сөзіміздің айғақтары десе болады.


Енді сол бәсекелерде жеңіс биікьерінен көрінген  алтын жүлделі жасөпірім  ұл-қыздар республика  чемпионатында облыстың намысын қорғайтын болады. Ел спортының дамуы ауыл спортына тікелей байланысты екендігіне бек сенімдеміз.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ


 

Рекомендовать
Последние новости