«Nur Otan» партиясының Аққулы ауданындағы үгіт-насихат тобы жұмысын түйіндеді

Dalanews 08 янв. 2021 17:28 897

Бір айға созылған үгіт-насихат жұмыстары да өз мәресіне жетті. «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданы бойынша үгіт-насихат тобының жетекшісі Бұрқыт Пұсырханов осы уақыт аралығында бас партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа таныстыруда көптеген жұмыстар атқарылғанын алға тартты.

Саяси науқанның аяқталуы жөніндегі брифингте Б.Пұсырханов қандай жұмыстар атқарылғанын қысқаша баяндеп берді.

– Үгіт-насихат мерзімінің аралығында өткізілген іс-шаралар бойынша Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентіне кандидаттар – 7, Павлодар облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат – 21, Аққулы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – 47 және «Есіктен есікке» акциясы – 14 іс-шара өтті. Әрбір кездесуде халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап бердік. 10 қаңтарда сайлауға бір кісідей қатысып, біздің партияға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз! – деді Б.Пұсырханов.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости