«Nur Otan» еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың жаршысы

Dalanews 22 дек. 2020 17:41 801

Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Гүлнар Қайдарова Аққулы ауданы Майқарағай ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында үйлерге барып, ауыл азаматтарымен кездесті.

Үйме-үй аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттайтын «Есіктен – есікке» акциясы аясында Гүлнар Қайдарова Майқарағай ауылындағы тұрғындардың шаңырақтарына барып, пікірлесті.

Өз кезегінде үміткер-кандидат партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламамен таныстырып, үнпарақтар таратты.

Халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді. Осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

– Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың жаршысы болған «Nur Otan» партиясының атқарған және атқаратын жұмысы ұшан-теңіз. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса барлық қиындықты жеңіп мақсатымызға жетеміз. «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер! – деді акция барысын депутаттыққа кандидат Гүлнар Қайдарова.


«Nur Otan» партиясы ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күннен бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп, гүлденуіне қомақты үлесін қосып келеді.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости