Nur Otan партиясы жастардың ауылда қалып, жұмыс істеп, кәсіп ашуына қолдау көрсетеді

Dalanews 17 дек. 2020 14:40 1055

Бүгін Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Малыбай ауылдық округіне ҚР Парламент Мәжілісінің депуттатығына үміткер Данияр Айтышев тұрғындармен кездесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге ауыл жастары, білім саласының қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары ойында жүрген сұрақтар мен пікірлерін ортаға салды.

Ауыл жастары үміткердің үгіт-насихат бағдарламасын тыңдап, өз ойларымен де бөлісті. Кездесуге 30-дан астам ауыл тұрғыны қатысты.

Өз кезегінде Nur Otan партиясынан үміткер-кандидат Данияр Айтышев сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алдағы уақытта ауылдың әл-ауқатын көтеруге бағытталған және ауыл жастарының ауылда қалып, жұмыс істеп, кәсіп ашуға мүмкіндік беретін нақты қолдаулары жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Кандидат «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жастарды ауылда қалдыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қызықтыру жұмыстарын жасау керектігін айтты. Және де бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости