Қандастармен онлайн жүздескен Nur Otan өкілі азаматтық алу, жер мәселесін қозғады

Dalanews 24 дек. 2020 15:14 842

Алакөл ауданындағы «Nur Otan» партиясының үміткерлері үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте Алматы облыстық мәслихатына депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген «Nur Otan» партиясының мүшесі Ж.Рысбекова Zoom платформасы арқылы қандастарымызбен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн кездесу өткізді.

– Халық қалаулысы өз сайлаушыларының өмірін жақсы жаққа қарай  өзгерту үшін қолынан келгенінің бәрін істеуі тиіс. Бірақ халықпен тұрақты ашық байланыс орнатылмаса, жұмыс жемісті болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің халық үніне құлақ асатынына уәде берген. Бұл уәде орындалуы үшін біздің партия қолдан келгеннің бәрін істейді, – дейді үміткер.

Кездесу барысында азаматтық алу, жер мәселесі, елді мекенді және ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, денсаулық саласын жақсарту, жастарға жағдай жасау сынды тақырыптар талқыланды.

Сындарлы кезеңнің қиындығына қарамастан қоғаммен байланыстың сұрақ-жауап түрі қарқынды түрде жүргізілді.

Н.ИДРИСОВА, «NurOtan» Алакөл партиясы аудандық филиалының кеңесшісі.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости