Алакөл ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

Dalanews 18 дек. 2020 15:17 952

Барша Қазақстандықтар үшін жауапты кезең басталды. Даму даңғылымызды даралап, алдағы мақсат-міндеттерімізді бекітетін сайлауалды үгіт насихат жұмыстары бастау алды. Әр партия өз үміткерлері арқылы халықпен тілдесіп, мұң-мұқтаждықтарын түгендеп, тілек-талаптарына құлақ асатын бұл науқан өте маңызды болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарынан бері елдің саяси-экономикалық тұрғыдан өрістеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан адуынды партия ретінде «Nur Otan» партиясын ерекше атауға болады. Қазіргі жауапты сәтте сайлауалды бағдарламасын бекітіп, үгіт-насихат жұмыстарына кірісті.

«Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалының да сайлауалды алды штабы алғашқы қадамдарын жасауда. Бүгін партия белсенділері бас қосып, аудандық, облыстық мәслихат депуттатығына үміткер азаматтар ой-пікірлерін ортаға салды.

Алғы сөз алған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев:

– Баршаңызды бүгінгі штабтың ашылу рәсімімен құттықтаймын. Алда атқарылар істер көп. Барлық үміткерлер халықпен ете-жақын араласып, барлық келелі мәселелрін тыңдап, жұмыс қарқынын ұлғайта түсуі керек. Бұл біздің алдымыздағы басты міндет, – деп, алдағы жоспарлар легімен бөлісті.


Аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы О.Мұхаметқалиев өзінің жүрек жарды лебізін арнап,  алдағы науқанда сәттілік тіледі.

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, жеке кәсіпкер Б.Саятова жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға барын салу және елдің мүддесіне қарай еңбек ету әрбір кандидаттың басты мақсаты екендігін атап өтті.

Алакөл аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Жабжанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына шолу жасады.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы, штаб жетекшісінің орынбасары Ұ.Дүйсебаева ел тарихын қалыптастыруда талай биіктерді бағындырған «Nur Otan» партиясының айтулы жетістіктері жайына сөз етіп, бүгінгі толқын да сол сарабдал ізбен адымдауға тиіс екендігін тілге тиек етті.

Жастар атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ж.Рысбекова жалын иелеріне халықтң қамы үшін іс қылуға, еңбек етуге әзір екендігін жеткізді.

Н.ИДИРИСОВА, «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалының консультанты.

Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости