Нобель сыйлығын Америка жазушысы Боб Дилан алды

Dalanews 13 окт. 2016 11:43 1430

Швед королдік ғылым академиясы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының игерін жариялады. Сөйтіп, 2016 жылы бұл сыйлыққа америкалық жазушы Боб Дилан лайық деп танылды.


Осылайша  3-13 қазан аралығында өткен Нобель сыйлығының игерлерін анықтау кезеңі аяқталды.  Биыл физиология мен  медицина саласында  бұл сыйлықты  жапон ғалымы Есинори Осуми  алса,  физикадан АҚШ, Шотландия   және  Британия  ғалымдары  иеленді. Олар: Дэвид Таулес, Данкан Халдейн және Джон Костерлиц. Ал,  химия  бойынша Жан-Пьер Соваж, Фрэйзер Стоддарт пен  Бернард Феринга сыйлықты  бөлісті. Олар Францияның,  Шотландия мен  Нидерландының ғалымдары еді. Сонымен  бірге  өз еліндегі жарты ғасырға  созылған қақтығысты тоқтатқаны  үшін  Колумбия  президенті Хуан Мануэль Сантосқа  бейбітшілік саласындағы  Нобель сыйлығы берілген  болатын.

Жалпы, әдебиет саласында  бұл сыйлық 1901 жылдан бері 108 рет  беріліпті.  Сыйлыққа  ие  болғандардың арасында 14 әйел адам бар. Одан бөлек  сыйлық  бірқатар тілде  шығарма жазған  жазушыларға берілген. Дәлірек айтсақ  лауреаттардың 27 і ағылшын тілінде еңбек  жазса,  14 жазушы французша, 13 әдебиетші  немісше, 11 автор  испанша, жетеуі швед тілінде, алты жазушы  орысша, тағы осынша автор италиян тілінде еңбек жазыпты.  Ал, поляк тілінде 4,  норвег тілінде шығарма  жазған 3, дат тілінде жазған  3 автор осы  сыйлықты алған екен. Олардан бөлек  бірлі-жарым өзге тілдерде жазатын авторлар да бар. Мәселен  грек,  жапон және қытай тілдерінде  шығарма жазған авторлар қос-қостан болса, араб,  бенгал, түрік, ирвит, чех, фин, венгр  тәрізді   бірқатар тілдерде шығарма жазатын авторлардың ішінде бір-бірден Нобель сыйлығын иеленгендер бар.

Дереккөз: "Айқын" газеті




Рекомендовать
Последние новости