NIS мұғалімдері халықаралық сахнада

Dalanews 29 нояб. 2023 05:27 940

Осы күндері әлем мұғалімдерінің назары Голландияда өтіп жатқан WALS-2023 сабақты зерттеуге арналған кезекті халықаралық конференциясында. Конференция жұмысына Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің зерттеуші-мұғалімдер тобы Лаура Қыздарбекова, Гүлжахан Арыстанова, Жеңісбай Қабаржан, Эльзира Торғаева қатысуда. Зерттеуші мұғалімдердің ең күтілетін форумына 29 елден 400-ден астам делегат жиналды.
Алматылық мұғалімдер конференцияның бірінші күні “Биология сабақтарында PBL әдісі бойынша күрделі сұрақтар арқылы  оқушылардың талдау дағдыларын дамыту” тақырыбындағы авторлық зерттеулерімен таныстырды. Зерттеу барысында мұғалімдер PBL әдісін қолдану арқылы білім сапасын қалай жақсартуға болатынын дәлелдеді.
Мұғалімдердің зерттеулері аудиторияның қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтар қойылды.

- Білім саласының көрсеткіші ол оқушы, ертеңгі құбылмалы әлемнің тойтарысына дайын болу керек. Сол себептен біз , мұғалімдер, шәкірттерімізге жаңа замануи білім беру үшін үздіксіз ізденісте, зерттеуде болыумыз қажет, - деп бөлісті информатика пәнінің мұғалімі Лаура Қыздарбекова,

Конференцияда Қазақстан делегациясының құрамасы қатысушы мұғалімдер санымен ерекшеленді. Бұл NIS педагогтарының оқу процесінде Lesson Study әдісін қолданудың жоғары деңгейін көрсетеді. WALS конференциясы 2024 жылы Қазақстан астанасында өтеді деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости