Нығматулин Мәжіліске келді

Dalanews 21 июн. 2016 06:42 780

Мәжіліс депутаты мандатын жаңа иеленген Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Нығматулинді төрағалыққа мәжілісте "Нұр Отан" партиясы фракциясының жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Ұсынысты фракция депутаттары бірауыздан қолдаған.

Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның сөзінше, Нығматулиннің кандидатурасына мәжіліс депуттары пленарлық отырыста дауыс береді.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін президент әкімшілігі жетекшісі болған Нұрлан Нығматулиннің ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалып кеткен Роман Склярдің орнына депутат болғанын хабарлаған.

Нығматулин бұған дейін де - 2012 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуіріне дейін мәжіліс төрағасы болған.

Рекомендовать
Последние новости