Назарбаев Жақсыбековке сенеді

Dalanews 21 июн. 2016 06:44 714

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков президент әкімшілігінің жетекшісі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында "Мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басқарушы құрамына жаңа жетекші Әділбек Жақсыбековті таныстырды" делінген хабарламада.

Президент әкімшілігінің бұған дейінгі жетекшісі Нұрлан Нығматулин бүгін парламент мәжілісінің депутаты болған. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Нығматулин мәжілісте ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалып кеткен Роман Склярдің орнына депутат болған.

Әділбек Жақсыбеков 2004-2008 жылдары президент әкімшілігінің басшысы болған. Ол Астана қаласының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі, қорғаныс министрі, биліктегі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған.

Рекомендовать
Последние новости