Назарбаевтың бабын табу керек

Dalanews 16 окт. 2017 08:43 766



Қырғызстанмен шекарадағы мәселені шешу үшін президенттер деңгейінде келіссөз жүргізу керек. Осылай деп Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева мәлімдеді.





«Ең бастысы президент тарапынан бірінші қадам жасалуы тиіс. Президент өзінің жауапкершілігін сезінеді ме, біледі ме? Тіптен кешірім сұрамаған күннің өзінде, Қазақстан президентінің бабын табу керек», - деді Отынбаева екі ел шекарасында болып жатқан жағдайға қатысты.

Отынбаева бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілмейді деп есептейді.

Қазақстанмен шекара мәселесі 10 қазанда қиындай түскен. Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан шекара өткізу бекетін күшейткен.

7 қазанда президент Алмазбек Атамбаев Қазақстан президенті елдің ішкі ісіне араласып отыр деді. Ол сонымен бірге Назарбаевты президенттіктен үміткер Өмірбек Бабановпен кездесіп, қолдау білдірді деп, қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов болса, екінші кандидат Темир Сариевті қолдап отыр деп сынға алды.





Рекомендовать
Последние новости