Назарбаев: Той қуғанды доғару керек

Dalanews 11 февр. 2015 08:01 863

Бюджет қаржысы есебінен мерейтой жасаудан тыйылу керек. Бүгін Ақордада  өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Бізде мерейтой жалпыға ортақ сүйікті іс болып отыр. Мерейтой қайда болса, бәрі сонда. Жиындарға қатысу, банкеттерде отыру, осылай жалғаса береді. Әлемнің қай жерінде біз сияқты мерейтой өткізеді? Ұлы даталарды атап өтіп, баспасөзде, телеарналарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда айту керек. Ал дүркіретіп той ұйымдастыру, айдалада мыңдаған қазақ үй тігу мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған?», - деді Елбасы.
Назарбаев: «Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес»

Сондай-ақ ҚР Президенті ұлы бабаларымыз жайында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен ақпарат таратуы керектігін ерекше баса айтты.

«Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес», – деді Мемлекет басшысы. 

Рекомендовать
Последние новости